V – Азитромицин (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
V-Азитромицин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Азитромицин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 524 мг азитромицин дигидраты (500 мг азитромицинге баламалы)
қосымша заттар: желатинденген жүгері крахмалы, кросповидон, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий лаурил сульфаты, магний стеараты.
қабығының құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), сусыз лактоза, триацетин.
Сипаттамасы
Капсула пішінді, ақ түсті, бір жағында фирмалық көлденең сызығы бар, қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
АТХ коды J01FA10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін азитромициннің биожетімділігі шамамен 37% құрайды. Қан плазмасындағы шыңдың деңгейлеріне 2-3 сағаттан соң жетеді. Бір реттік 500 мг дозасын қабылдағаннан кейін байқалатын орташа ең жоғарғы концентрациясы (Сmax) шамамен 0,4 µг/мл құрайды.
Таралуы
Ішу арқылы қабылданған азитромицин, бүкіл организмге жақсы таралады. Фармакокинетикалық зерттеулер азитромициннің тіндердегі концентрацияларының едәуір жоғары екендігін көрсетті (50 есеге дейін, ең жоғарғы концентрациясы плазмада байқалды). Бұл, аталған заттың тіндерде елеулі дәрежеде байланысатындығын көрсетеді (тұрақты таралу көлемі 31 л/кг жуық). Ұсынылған дозасында қан сарысуында/плазмада жинақталмайды. Жинақталуы, деңгейлері қан сарысуындағыға/плазмадағыға қарағанда анағұрлым жоғары жерлерде орын алады. Өкпе, бадамша бездер және простата сияқты нысана тіндердегі концентрациялары ықтимал патогендер үшін бір реттік 500 мг дозасын қолданғаннан кейін MIC90 асады. Азитромициннің плазма ақуыздарымен байланысуы ауытқып тұрады және 0,005 μг/мл кезіндегі 52%-дан 0,5 μг/мл кезіндегі 18%-ға дейін өзгеріп тұрады.
Эксперименттік in vitro және in vivo зерттеулерді жүргізгенде азитромицин фагоциттерде жинақталды; релиз белсенді фагоцитозға ықпал етті.
Метаболизмі және организмнен шығарылуы
Препараттың плазмадан жартылай шығарылуының ең ұзақ кезеңі препарат тіннен жартылай шығарылғаннан кейін 2-4 күннен соң жүреді. Вена ішіне енгізілген дозасының шамамен 12%-ы несеппен өзгеріссіз күйде 3 күн ішінде; негізгі бөлігі - алғашқы 24 сағат ішінде шығарылады. Азитромициннің 237 μг/мл дейінгі концентрациясының болуы адамның өтінде, 5 күндік емдеу курсынан кейін 2 күн өткен соң, 10 метаболитімен бірге анықталды (түзілетін N- және О-деметилденумен, дезозамин мен агликон сақиналарының гидроксилденуі арқылы, сондай-ақ кладиноза конъюгатының ыдырауы арқылы). Зерттеулер, азитромициннің микробиологиялық белсенділігінде метаболиттерінің ешқандай рөл атқармайтындығын көрсетеді.
Фармакодинамикасы.
Әсер ету механизмі
Азитромицин антибиотик макролид болып табылады, азалидтар тобына жатады.
Азитромициннің әсер ету механизмі ақуыздың бактериялық синтезін, 50 S-суббірлікпен байланыстыру арқылы, және сол арқылы пептидтердің транслокациясын тежей отырып бәсеңдетуге негізделеді.
Резистенттілік механизмі
Негізінен, бактериялардың алуан түрлерінің макролидтерге резистенттілігі жағдайлары туралы хабарламалар келіп түсті, олар үш механизмнің көмегімен жүрген: антибиотиктің әсер ету нысанасының өзгеруі, антибиотиктің модификациялануы немесе антибиотиктің микроб жасушасынан белсенді шығарылуы (эффлюкс). Стрептококтардағы эффлюкс mef гендерінің есебінен жүзеге асады және макролидтерге (M фенотипі) резистенттілікке алып келеді. Антибиотиктің әсер ететін нысанасының өзгеруін erm генімен кодталатын метилаза бақылап отырады.
Эритромицин, азитромицин, басқа макролидтер мен линкозамидтердің арасында Streptococcus pneumonia, А тобының бета-гемолиздік стрептококк, Enterococcus spp. және Staphylococcus aureus, соның ішінде метициллин-резистентті алтын түстес стафилококқа (МРАС) қатысты толық айқаспалы резистенттілік бар.
Азитромицинге, пенициллин-резистентті S.pneumoniae штамдарына қарағанда, пенициллин-сезімтал S.pneumoniae сезімтал болуы ықтимал. Метициллин-сезімтал алтын түстес стафилококқа (МСАС) қарағанда, метициллин-резистентті алтын түстес стафилококтың (МРАС), азитромицинге сезімталдығы азырақ болуы мүмкін.
Шектік мәндері:
Типтік бактериялық патогендердің азитромицинге сезімталдығының шектік мәндері:
EUCAST (Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет, 3.1 нұсқасы, 11-02-2013) сәйкес
MIC шектік мәндері (мг/л) |
||
Патогендер |
Сезімталдық (мг/л) |
Резистенттілік (мг/л) |
Staphylococcus spp. |
≤ 1 |
> 2 |
Streptococcus spp. (A, B, C,G топтары) |
≤ 0.25 |
> 0.5 |
Streptococcus pneumoniae |
≤ 0.25 |
> 0.5 |
Haemophilus influenzae |
≤ 0.12 |
> 4 |
Moraxella catarrhalis |
≤ 0.25 |
> 0.5 |
Neisseria gonorrhoeae |
≤ 0.25 |
> 0.5 |
Резистенттілік
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы географиялық тұрғыдан ауытқып тұруы, сондай-ақ түрлердің іріктелу уақытына байланысты болуы мүмкін, сонымен қатар, әсіресе ауыр инфекцияларды емдеуде резистенттілік туралы жергілікті ақпараттың болғаны дұрыс.
1 кесте: Азитромициннің бактерияға қарсы ауқымдылығы
Түрлері |
|
Әдеттегі сезімтал түрлері |
|
Аэробты грамоң |
|
Corynebacterium diphteriae |
|
Streptococcus pneumoniae Эритромицин-сезімтал Пенициллин-сезімтал |
|
Streptococcus pyogenes Эритромицин-сезімтал |
|
Аэробты грамтеріс |
|
Bordetella pertussis |
|
Escherichiacoli-ETEC |
|
Escherichiacoli-EAEC |
|
Haemophilus influenzae Haemophilus ducreyi |
|
Legionella spp. |
|
Moraxella catarrhalis Эритромицин-сезімтал Эритромицин-аралық қосылыс |
|
Pasteurella multocida |
|
Анаэробты |
|
Fusobacterium nucleatum Fusobacterium necrophorum |
|
Prevotella spp. |
|
Porphyromonas spp. |
|
Propionibacterium spp. |
|
Басқа микроорганизмдер |
|
Chlamydia pneumoniae |
|
Chlamydia trachomatis |
|
Listeria spp. |
|
Mycobacterium avium кешені |
|
Mycoplasma pneumoniae |
|
Жүре пайда болған төзімділік қиындық тудыруы мүмкін түрлері |
|
Аэробты грамоң |
|
Staphylococcus aureus Метициллинсезімтал |
|
Коагулаза-теріс стафилококк Метициллинге сезімтал+ |
|
Streptococcus pneumoniae Пенициллин-аралық қосылыс Пенициллин-төзімді Эритромицин-аралық қосылыс |
|
Streptococcus pyogenes Эритромицин-аралық қосылыс |
|
Streptococci viridans group Пенициллин-аралық қосылыс |
|
Аэробты грамтеріс |
|
Moraxella catarrhalis Эритромицин-төзімді |
|
Анаэробты |
|
Peptostreptococcus spp. |
|
Айтарлықтай төзімді организмдер |
|
Аэробты грамоң |
|
Corynebacterium spp. |
|
Enterococcus spp. |
|
Staphylococci MRSA, MRSE |
|
Streptococcus pneumoniae Эритромицин-төзімді Пенициллин-эритромицин-төзімді |
|
Streptococcus pyogenes Эритромицин-төзімді |
|
Streptococci viridans group Пенициллин-төзімді Эритромицин-төзімді |
|
Аэробты грамм теріс |
|
Pseudomonas aeruginosa |
|
Анаэробты |
|
Bacteroides fragilis тобы |
+ Резистенттілігі 50%-дан артық
Қолданылуы
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында (синуситте, фарингитте, тонзиллитте, ортаңғы отитте)
- төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында (бронхитте және ауруханадан тыс пневмонияда)
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында
- жыныстық жолмен берілетін инфекцияларда (урогениталий хламидиозын қоса, асқынбаған уретритте және Chlamydia trachomatis туғызған цервицитте)
Қолдану тәсілі және дозалары
Iшке қабылдауға арналған. V-Азитромицинді күніне бір рет қабылдау керек.
Таблеткаларды тамақтан бір сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.
Ересектер
Жыныстық жолмен берілетін, Chlamydia trachomatis-тен, немесе препаратқа сезімтал Neisseria gonorrhoeae-дан туындаған ауруларды емдеуде, дозасы 1000 мг құрайды, оны бір реттік дозасы түрінде қабылдайды. Басқа барлық ауруларды емдеуде, 1500 мг жалпы дозасын бөлшектеп, 3 күн бойы, күніне 500 мг-ден қабылдау қажет.
Егде жастағы науқастарда қолданылуы.
Егде жастағы пациенттер үшін ересектерге арналған дозасын пайдалануға болады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде
Бүйректің жеңіл және орташа (креатинин клиренсі > 40 мл/мин) жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауырырақ жеткіліксіздігі бар пациенттерде азитромициннің қолданылуы туралы деректер жеткіліксіз («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге
Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Балалар
V-Азитромицин таблеткаларын дене салмағы 45 кг асатын балаларға ғана, ересектерге арналған дозасында беру керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Жағымсыз әсерлері
V-Азитромицин жақсы көтерімді, жағымсыз әсерлерінің жиілігі аз.
Жағымсыз әсерлерінің тізімі клиникалық сынақтар мен маркетингтен кейінгі есептерге негізделген, соның ішінде, бірен-саран жағдайларда, келесідегідей жіктелген:
Инфекциялар және инвазиялар
Өте жиі:
- диарея, іш ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм
Жиі:
- анорексия
- бас айналуы, бас ауыруы, парестезиялар, дисгевзия
- көрудің бұзылуы
- кереңдік
- құсу, диспепсия
- қышыну және бөртпе
- артралгия
- шаршау
- лимфоцитопения, эозинофилия, бикорбонат төмендеуі
- психикалық бұзылыстар
- құлақ және ішкі құлақ ауруы
- қызару және бөртпе
- бүйрек және несеп-жыныс жүйесінің бұзылулары
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит
- жалпы бұзылулар және қабылдаған кездегі жағдай
- әлсіздік
- лимфоциттер санының азаюы
- эозинофилдер санының артуы
- қандағы бикарбонаттар мөлшерінің азаюы
Жиі емес:
- лейкопения, нейтропения
- ангионевроздық ісіну
- аса жоғары сезімталдық
- күйгелектік
- гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық
- есту өткірлігінің бұзылуы, тиннит
- жүрек соғуының жиілеуі
- гастрит, іш қатуы
- гепатит
- Стивен-Джонсон синдромы
- фотосезімталдық реакциясы
- уртикария
- кеуде тұсының ауыруы, ісінулер, жалпы дімкәстану сезімі, астения
- аспартатаминотрансфераза жоғарылауы
- аланинаминотрансфераза жоғарылауы
- қандағы билирубиннің жоғарылауы
- қан сарысуының жоғарылауы
- қандағы калий мәндерінің қалыптан ауытқуы
Сирек:
- қозу
- вертиго
- жүрек функциясының бұзылулары
- бауыр функциясының қалыптан ауытқуы
Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес):
- жалғанжарғақшалы колит
- қан және лимфа жүйесінің бұзылулары
- тромбоцитопения, гемолиздік анемия
- иммундық жүйенің бұзылулары
- озбырлық, үрейлену
- жүйке жүйесінің бұзылыстары
- естен тану, құрысулар, психомоторлық аса жоғары белсенділік, ұйқысыздық, агевзия, паросмия, миастения
- көз аурулары
- екібағытты тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса, аритмия
- қантамыр бұзылулары
- гипотензия
- асқазан-ішек жолының бұзылулары
- панкреатит, тіл түсінің өзгеруі
- бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар
- бауыр функциясының бұзылуы, ол сирек жағдайларда өлімге соқтырады, жедел дамитын гепатит, гепатиттік некроз, холестаздық сарғаю
- тері және теріасты тіндерінің бұзылулары
Өте сирек:
- сүйек-бұлшықет жүйесінің, дәнекер тіндердің бұзылулары
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- азитромицинге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- эритромицинге, кетолидтердге және басқа макролидтерге жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі: Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 балдан астам
- анамнездегі азитромицинді қабылдау кезіндегі холестаздық сарғаю /бауыр функциясының бұзылулары
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі: креатинин клиренсі (КК) 40 мл/минуттан аз
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі ( дене салмағы ≤ 45 кг) балаларға
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза - галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға
Сақтықпен
бауыр функциясының орташа бұзылуында (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл)
бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде (КК 40 мл/минуттан асатын)
аритмияларда немесе аритмия мен Q-T аралығының ұзаруына бейімділікте;
терфенадинді, варфаринді, дигоксинді бір мезгілде қабылдағанда
миастенияда
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антацидтер
Антацидтерді азитромицинмен бір мезгілде қабылдаудың әсерлерін зерттеуге бағытталған фармакокинетикалық зерттеуді жүргізу кезінде, жалпы биожетімділігіне ешқандай әсері анықталған жоқ, әйтсе де сарысудағы шыңдық деңгейлері шамамен 30%-ға төмендеді. V-Азитромицин мен антацидтерді қабылдайтын пациенттерге, екі дәрілік затты бір мезгілде тағайындамау керек.
Карбамазепин
Дені сау еріктілерде фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізген кезде, V-Азитромицинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде карбамазепиннің немесе оның белсенді метаболитінің плазмалық деңгейлеріне ешқандай елеулі әсері байқалған жоқ.
Циметидин
Циметидиннің азитромицинге дейін 2 сағат бұрын берілген бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына әсеріне фармакокинетикалық зерттеу жүргізгенде, азитромицин фармакокинетикасының ешқандай өзгерістері байқалған жоқ.
Циклоспорин
Азитромицин мен циклоспориннің өзара әрекеттесу ықтималдығының мүмкіндігін фармакокинетикалық және клиникалық зерттеулер бойынша нақты деректер болмағандықтан, екі дәрілік затты бірге қолдану мұқият ойластырылуы тиіс. Аталған препараттарды бірге қолдану қажет болған жағдайда, циклоспориннің деңгейлерін бақылау және тиісінше жолмен түзету керек.
Дигоксин
Кейбір пациенттерде макролидтердің кейбіреулері дигоксиннің микробтық метаболизміне (ішектегі) әсер етеді. V-Азитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде, дигоксин деңгейлерінің артуы мүмкіндігін ескеру керек.
Эрготамин
Теориялық тұрғыдан эрготизм дамуы мүмкін болғандықтан, V-Азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды.
Метилпреднизолон
Дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізуде, V-Азитромицин метилпреднизолон фармакокинетикасына елеулі әсер еткен жоқ.
Теофиллин
Дені сау еріктілерде V-Азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде қабылдағандағы клиникалық тұрғыдан елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге ешқандай дәлел жоқ. Басқа макролидтердің теофиллинмен өзара әрекеттесетіні туралы хабарламалар алынғандықтан, теофиллин деңгейлерінің жоғарлауын көрсететін белгілердің пайда болуын қадағалау ұсынылады.
Терфенадин
Фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізуде азитромицин мен терфенадиннің арасындағы өзара әрекеттесуге ешқандай дәлел алынған жоқ. Мұндай өзара әрекеттесу мүмкіндігін толығымен жоққа шығару мүмкін емес сирек жағдайлар тіркелді; алайда, мұндай өзара әрекеттесуінің орын алғандығына ешбір нақты дәлел алынған жоқ.
Кумарин типті пероральді антикоагулянттар
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне зерттеу жүргізгенде, азитромицин дені сау еріктілерге енгізілген варфариннің бір реттік 15 мг дозасының антикоагулянттық әсерін еш өзгерткен жоқ. Маркетингтен кейінгі қадағалау кезеңінде азитромицин мен кумарин типті пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдағаннан кейін антикоагуляцияның күшейгені туралы хабарламалар алынды. Себеп-салдарлық байланысы анықталмаса да, кумарин типті пероральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде азитромицинді пайдаланғанда протромбиндік уақытқа мониторинг жүргізудің жиілігі туралы мәселені қарастыру керек.
Зидовудин
Азитромициннің 1000 мг бір реттік дозалары және 600 мг немесе 1200 мг бірнеше реттік дозалары зидовудиннің плазмадағы фармакокинетикасына немесе несеппен шығарылуына немесе оның метаболиті глюкуронидке ешқандай әсер еткен жоқ. Дегенмен, азитромицинді қабылдау шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларындағы клиникалық тұрғыдан белсенді метаболиті фосфорланған зидовудиннің концентрациясын арттырды. Бұл фактінің клиникалық маңыздылығы белгісіз, бірақ бұл пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Диданозин
Тәулігіне 1200 мг азитромицинді диданозинмен бір мезгілде қабылдау 6 пациентте плацебомен салыстырғанда, тепе-теңдік жағдайындағы диданозин фармакокинетикасына ешқандай әсерін көрсеткен жоқ.
Рифабутин
Азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қабылдау қандай-да бір дәрілік заттың сарысудағы концентрациясына ешқандай әсерін тигізген жоқ. Нейтропения, азитромицин және рифабутинмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерде байқалды. Нейтропенияның рифабутинді қабылдаумен байланысты болғандығына қарамастан, азитромицинмен біріктірілуінің себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Эритромицинге реакциялар сияқты, басқа макролидтерге де, ангионевроздық ісіну мен анафилаксияны (сирек жағдайда өлімге соқтыратын) қоса, сирек күрделі аллергиялық реакциялар тіркелді. Азитромицинге бұл реакциялардың кейбіреулері ұзақ уақыт қадағалау мен емдеуді қажет ететін қайталанатын симптомдарға алып келді.
Азитромицинді креатинин клиренсі <40 мл/минут пациенттерде қолдану туралы деректер жеткіліксіз. Ондай пациенттерге V-Азитромицинді сақтықпен тағайындау керек.
Бауыр азитромициннің шығарылуының негізгі жолы болып табылатындықтан, бауырдың күрделі аурулары бар пациенттеррде азитромицинді пайдалануды сақтықпен жүргізу керек.
Қастауыш туындыларын қабылдап жүрген пациенттерде, қастауышпен улану кейбір макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде тағайындағанда жеделдеген. Қастауыш туындылары мен азитромициннің өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы ешқандай дерек жоқ. Алайда, теориялық тұрғыдан қастауышпен улану мүмкіндігіне байланысты, V-Азитромицин мен қастауыш туындылары бірге тағайындалмауы тиіс.
Кез келген антибиотикті тағайындағандағы сияқты, зеңдерді қоса, сезімтал емес микроорганизмдерден туындаған суперинфекция белгілерін қадағалау ұсынылады.
Пневмонияны емдеуде, азитромицин келесі микроорганизмдерден: Chlamydia pneumoniae, Haemophilus influenzae, Mycoplasma pneumoniаe немесе Streptococcus pneumoniae туындаған ауруханадан тыс пневмонияны емдеудегі тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті (пероральді емдеуге арналған көрсетілімдерімен). Азитромицинді пневмониясы бар пациенттерде және аурудың ауырлығына байланысты пероральді емдеуге арналған көрсетілімдерінсіз, және/немесе қауіп факторлары бар, атап айтқанда: кистазды фиброз, ауруханаішілік инфекциясы немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететін бактериемияға күдік бар, егде жастағы адамдарда немесе әлсіз, иммунитеті әлсіреген немесе функционалдық асплениясы бар науқастарда қолданбау керек.
Бауыр дисфункциясының және/немесе QT аралығының ұзаруын тудыратын басқа дәрілік заттарды тағайындаумен қатарлас емнің болуын қарсы көрсетілім ретінде қарастыру керек және/немесе макролидтерді қолданғанда сақтық шараларын қадағалау керек.
Азитромицин сияқты макролидтерді қоса, көптеген антибиотиктермен емдеу, ішек флорасына теріс әсерін тигізеді, бұл, бактерияға қарсы емдеумен астасқан диареяға, соның ішінде жалғанжарғақшалы колитке түрткі болатын токсин Clostridium difficile сияқты препаратқа сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюіне алып келуі мүмкін. Бактерияға қарсы емдеу кезіндегі немесе емдеуден кейін диареясы бар пациенттерді мұқият тексеру және бірқатар дифференциальді диагностика шараларын жүргізу қажет. Егер жалғанжарғақшалы колит расталса, онда азитромицинмен емдеу тоқтатылуы тиіс және, қажет болса, организмдегі сұйықтықты ұстап тұруға арналған шараларды, бактерияға қарсы емді, сондай-ақ ақуыз қоспаларын қосу керек.
Жүктілік және лактация
Азитромициннің адамдарда, белсенді затын жүктілік және бала емізу кезінде қабылдауға қатысты қауіпсіздігі расталған жоқ. Сондықтан V-Азитромицинді жүктілік немесе бала емізу кезінде, тек пайдасы қаупінен асып түсетін болса ғана тағайындау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттің автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетіне V-Азитромициннің әсер етуіне қатысты деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: уақытша естімей қалу, қатты жүрек айнуы, құсу, іш өтуі.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді тағайындау, симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3 таблеткадан ПВХ/Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
Бір пішінді қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау шарттары
30 С-ден аспайтын температурада, жабық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Софаримекс - Индустрия Кимика э Фармасэутика, С. А.,
Касен, Португалия.
Лицензияны ұстаушы
Лабораториос Азеведос - Индустрия Фармасэутика, С.А.,
Амадора, Португалия
Тіркеу куәлігінің иесі
“Vieco Pharmaceuticals FZ CO”, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ)
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
“Vieco Pharmaceuticals FZ CO” компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050009, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 43/1, 303 кеңсе.
телефон +7(727) 393 77 77
e-mail:pharmacovigilance@vieco-pharma.com